"ҚазАзот" зауытына жоспардан тыс тексеру тағайындалды

727

Мұндай шешімге Ақтау қаласы экологтарының шағымы негіз болды.  

"ҚазАзот" зауытына жоспардан тыс тексеру тағайындалды

Мамандар дронның көмегімен кәсіпорынан сынама алып, ауаға тарап жатқан 
зиянды заттардың мөлшері қалыпты шамадан 2 есе көп екенін анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz Маңғыстау облыстық экология департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Әзірше зауыттан шығып жатқан түтіннің құрамында аммиак концентраты шамадан тыс деген болжам жасалып отыр. 

Маңғыстау облыстық экология департаменті басшысының міндетін атқарушы Сағадат Хансейітовтің айтуынша, мамандар кәсіпорынға барып, жоспардан тыс тексеру жүргізеді. 

"Күкірт сутегінің шектен жоғары екені көбінесе түнгі уақытта белгілі болады. Жағымсыз иістің нақты қай кәсіпорыннан шығып жатқанын анықтау жұмысы жалғасып жатыр", – деді Сағадат Хансейітов. 

Қанат Махамбет 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу