"Қазгидромет": Алматыға биыл көктем ерте келеді

Орташа алғанда ауа температурасы климаттық нормадан 1 градусқа жоғары болады деп күтілуде.  

"Қазгидромет": Алматыға биыл көктем ерте келеді Фото: photographers.ua

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте "Қазгидромет" РМК Гидрология департаментінің директоры Әділ Ахметов мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Айтуынша, алдын ала болжам бойынша Алматыға көктем ерте келеді. Наурыздың бірінші онкүндігінде ауа температурасы +2+7°С, күндіз +10+15°С дейін көтеріледі деп күтілуде.

"Орташа алғанда ауа температурасы климаттық нормадан 1 градусқа жоғары болады деп күтілуде. Алматы қаласы бойынша 2023 жылдың наурыз айына арналған толығырақ болжам 15 ақпанда жарияланады", – деді спикер.

Спикердің сөзінше, 1976 жылдан бастап орташа жылдық температура әр 10 жыл сайын шамамен 0,5°С-қа көтерілді. Жылдың барлық айларында температура тұрақты түрде жоғарылайды. Температура ең жоғары жылдамдықпен наурызда артты - 10 жыл сайын 1,3 °С-қа, ал ақпанда - 10 жыл сайын 1,3 °С-қа көтеріледі.

Алматыда да температуралық режим келесідей өзгерістерге байланыты сипатталады:

  • температурасы нөлден төмен және айтарлықтай аязды (минус 20 °С төмен) күндер саны азаяды;
  • температурасы 30 35 °С жоғары ыстық күндер саны артады.

"Наурыз айындағы орташа айлық температураның нормасы - 2,7 ° C, мұндай кезде наурыз айында күннің бірден жылынуы жағымсыз жағдайға жатады. Және дәл осы айда ауа температурасының қатты жоғарылау үрдісі байқалады. Мұндай кезде қыс бойы қордаланған қалың қардың бірден еру қаупі жоғары. Сондай-ақ, Алматыда жылу толқындарының қайталану жиілігі артып келеді, сондықтан қыстың соңы мен көктемнің басында ауа температурасының күрт жылынуынан қауіп артады", - деді Қазгидромет өкілі.

Көршілес облыстардағы жағдайға келетін болсақ, спикердің айтуынша, 5 ақпанда Алматы облысында, облыстың таулы аймақтарында жауын-шашын, қар жауады. Таулы және тау бөктеріндегі аудандарда тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел шығысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

"27 қаңтарда "Қазгидромет" РМК 2023 жылдың 1-10 ақпанына Қазақстанның оңтүстік облыстары үшін ауа райы болжамы бойынша жаңбыр түріндегі жауын-шашын, қардың қарқынды еруі, еріген ағынды сулардың пайда болуы мүмкін екенін ескертті. Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Жетісу облыстарындағы өзендерде көктайғақ құбылыстарыныңбаяулайтынын және су деңгейінің көтерілуі мүмкін", - деп жалғастырды сөзін Әділ Ахметов.

30 қаңтарда Қазгидромет 2023 жылдың 1 ақпаны мен 3 ақпаны аралығында Қызылорда, Түркістан қалаларында қардың қарқынды еруі күтіледі. 

Жоғарыда аталған факторларды ескере отырып, ақпан және наурыз айларында температурасының күрт көтерілуі және қатты жаңбыр салдарынан су тасқыны болуы мүмкін.

"Алматының оңтүстік жартысында ақпан айында жауатын жауын-шашын мөлшері нормадан жоғары болады деп болжануда. Гидрометеорологиялық жағдай күрт өзгерген жағдайда "Қазгидромет" РМК су тасқыны қаупі туралы 2-3 күн бұрын хабарлайды", – деп атап өтті спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу