ҚАЖ мекемелерінің күзеті күшейеді

2833

Сотталғандарды шартты түрде мерзімінен бұрын босату институты жетілдіріледі. 

ҚАЖ мекемелерінің күзеті күшейеді Фото: gov.kz

Мәжіліс Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және  Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру мәселелері бойынша заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Заң жобасының үшінші блогы қылмыстық процесті оңтайландыруға және "бюрократиясыздандыруға" бағытталған. Түзетулердің бұл блогы қылмыстық істі әдепкі бойынша электронды форматта қарауға мүмкіндік береді. Ендігі кезде қылмыстық процеске қатысушылардың пікірін ескеру қажет. Сондай-ақ, қашықтықтан беттестіру және жауап алу мүмкіндігін енгізу жоспарлануда, өйткені бүгінгі күні тергеуші басқа аймақтардан да беттестіру үшін адамдардың келуін қамтамасыз етеді", - заң жобасын таныстырған Әділет министрі Азамат Есқараев.

Сөзінше, қашықтықтан жауап алу және беттестіру субъектілерінің ауқымы кеңейіп келеді.

"Осылайша жәбірленуші және куәмен қоса, қорғалуға құқығы бар куә мен күдіктіге қатысты бейнебайланыс режимінде ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып, аталған тергеу әрекеттерін жүргізуге болады. Заң жобасында жәбірленушінің орналасқан жері бойынша – ақпараттық жүйе немесе Интернет желісі арқылы қылмыстық құқық бұзушылық жасалған жағдайларда сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу мүмкіндігін енгізу де көзделген. Интернеттегі алаяқтықты тергеу барысында қылмыстық құқық бұзушылық ашылмаған кезде, күдікті, куәгерлер анықталмаған, тек жәбірленуші ғана бар. Қылмыстың әшкереленуі және іс-әрекетін анықтау орны (өтініш беру орны) көбінесе жәбірленушінің тұрақты тұратын жерімен сәйкес келмейді. Көрсетілген жағдайларда сотқа дейінгі тергеп-тексеру орнын айқындаудың неғұрлым ұтымды тәсілі жәбірленушінің орналасқан жері болады", - деді ведомство басшысы.

Бұдан  бөлек жеке блокпен қылмыстық-атқару заңнамасын жетілдіруге бағытталған түзетулер қарастырылған.

"Атап айтқанда, бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларды орындау, оның ішінде пробация қызметтерінің жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл тәртібін жетілдіру, қылмыстық жазаларды тағайындаудың түрлері мен тәртібін өзгерту, сотталғандарды шартты түрде мерзімінен бұрын босату институтын жетілдіру, сотталғандардың құқықтық жағдайын жақсарту және ҚАЖ мекемелерінің режимдік талаптары мен күзетін күшейту", - деді Азамат Есқараев.

Айта кету керек, осыған дейін Мәжілісте әкімшілік әділет саласын кеңейтуге қатысты заң жобасы мақұлданғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу