Қажылыққа барған 200-ге жуық адам аптап ыстықтан көз жұмды

460

2 мыңға жуық адам ауруханаға түсті. 

Қажылыққа барған 200-ге жуық адам аптап ыстықтан көз жұмды Фото: The Guardian

Биыл қажылыққа барған миллиондаған мұсылман нағыз сынаққа тап болды. Цельсий шкаласы бойынша ауа райы көрсеткіші 48 градусқа жеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz The Guardian басылымына сілтеме жасап.

Елдің Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 2 мыңнан астам азамат дәрігердің көмегіне жүгінген.

Билік жаңа ауруханалар ашып, қосымша медицина қызметкерлерін дайындап қойған. Қажылар қолшатырды паналап, суық судың көмегімен жан шақырып жүр. Бірақ, бұған қарамастан, 230 адам қайтыс болды. Елдегі билік тарапынан қажылыққа келгендер қазасына қатысты мәлімдеме жасалған жоқ. Белгілісі, марқұмдардың басым бөлігі - индонезиялықтар. 

Климаттанушылар осы жүзжылдықтың соңына қарай жазғы мезгілде ауа температурасы 50 градусқа дейін жетіп, бұл тұрақты құбылысқа айналуы мүмкін деп болжайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу