Келесі жылы қажылыққа барған 3 мың өзбекстандық қасиетті Мекке қаласындағы қонақ үйлерде тегін тұратын болды. Олардың қонақ үй жалдау ақысын, яғни, шығынын саудиялық Уақып комитеті көтереді. Бұл жайында Өзбекстанның министрлер кабинеті жанындағы дін істері жөніндегі комитеттің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады islam.kz.
Бұл Өзбекстанның дін істері жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Нұриман Әбдіхасан мен Уақып комитетінің жетекшісі Хабиб Мырза Бұхари арасында жүргізілген келіссөз нәтижесінде жүзеге аспақ.
Биыл Өзбекстаннан 7,2 мың адам қасиетті сапарға аттанған екен. Олардың әрбірі Мекке қаласына сапарына 4700 доллар жұмсаған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу