Қазкоммерцбанк 400,8 млрд теңге көлемінде қарыздың жартысын мерзімінен бұрын өтеді – ҚР Ұлттық банкі

1111

Қазкоммерцбанк 400,8 млрд теңге көлемінде қарыздың жартысын мерзімінен бұрын өтеді – ҚР Ұлттық банкі

"Қазкоммерцбанк" АҚ-ның өтімді активі жеткілікті, деп хабарлайды ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі.

"Ұлттық Банк Басқармасы осыған дейін "Қазкоммерцбанк" АҚ-қа банктің жүйелік маңыздылығын ескере отырып 400,8 млрд теңге сомаға қысқамерзімді қаржыландыру беру туралы шешім қабылдаған болатын. Қарыз банк клиенттерінің алдындағы міндеттемелерді орындау үшін өтімділіктің қосымша қорын қамтамасыз ету мақсатында берілді. Бүгінгі күні банк өтімді активтердің жеткілікті көлеміне ие, бұл оған қарызды ішінара мерзімінен бұрын өтеуге мүмкіндік берді. "Қазкоммерцбанк" АҚ Ұлттық Банкке бұрын бөлінген қаражаттың жартысын қайтарды", – делінген хабарламада.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу