"ҚазМұнайГаз" АҚ 170 млрд теңге үнемдеген

694

Өткен жылы ұлттық компания әкімшілік шығындарды қысқартқан. 

"ҚазМұнайГаз" АҚ 170 млрд теңге үнемдеген

2020 жылы "ҚазМұнайГаз" ұлттық компания 170 млрд теңге үнемдеген. Бұл туралы "ҚазМұнайГаз" АҚ басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Дәурен Қарабаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Әкімшілік шығындарды 20,5%-ға немесе 170 млрд теңгеге дейін қысқарттық. Яғни 2020 жылы өндірістік сипаттағы шығындарды қысқарту бойынша жұмыс жүргізілді. Мысалы, басшылық қызметтегілерге ақыны қысқарту, консалтинг, кеңсені жалға алу, IT, демеушілік және тағы басқа шығындар қысқартылды", – деді төрағаның орынбасары 2020 жылдың қаржы нәтижесінің қорытындысы тақырыбында өткен брифингте.

Сондай-ақ Дәурен Қарабаев 2020 жылы "ҚазМұнайГаз" АҚ шығындары 741 млрд теңге болғанын атап өтті. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда шамамен 2,6%-ға артық.

"Шығын көлемінің неге өскенін түсіндірейін. Ұлттық компания өндірістегі жұмысшылардың санын қысқартып, өндірісті тоқтатқан жоқ. Мердігерлер үшін жұмыс көлемін сақтап қалуға тырысты. Алайда шығындардың көлемін үнемі бақылауда ұстады",  деді басшы.

Айта кетейік, осыған дейін 2020 жылы "ҚазМұнайГаз" АҚ қанша пайда тапқанын хабарланған еді.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу