"ҚазМұнайГаз" АҚ-ның таза пайдасы қанша?

975

Дәурен Қарабаевтың пікірінше, бұл – қарызды уақытында қайтарудың нәтижесі.

"ҚазМұнайГаз" АҚ-ның таза пайдасы қанша? Фото: Максим Морозов

Өткен жылы ұлттық компания 172 млрд теңге таза пайда тапқан. Бұл туралы "ҚазМұнайГаз" АҚ басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Дәурен Қарабаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Төраға орынбасарының айтуынша, "ҚазМұнайГаз" АҚ-ның үлесін қоса алғанда 2020 жылы операциялық кіріс 1,2 трлн теңге болған. 

"Қаржылық шығындар 6,3%-ға төмендеп, шамамен 298 млрд теңге болды. "ҚазМұнайГаз" АҚ бірнеше жыл бойы қарызын уақытында өтеп отырды. Нәтижесінде ұлттық компания 172 млрд теңге (416 млн доллар) таза пайда тапты. Бұл көрсеткіш 2019 жылмен салыстырғанда аз. Бірақ біз күткен кірістен жоғары", - деп түйіндеді сөзін басшы.

Айта кетейік, осыған дейін "ҚазМұнайГаз" АҚ 2020 жылы 4,6 трлн теңге пайда тапқанын хабарлаған едік.

Дәурен Ерболат

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу