"ҚазМұнайГаз" акцияларын IPO-ға биыл шығармайтын болды

879

Мұндай шешім нарықтағы жағдайға байланысты қабылданған. 

"ҚазМұнайГаз" акцияларын IPO-ға биыл шығармайтын болды

Биыл "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ IPO-ға шықпайды. Бұл туралы Ұлттық компанияның  Басқарма төрағасының орынбасары, қаржы директоры Дәурен Қарабаев онлайн-брифинг барысында мәлімдеді. 

"2020 жылы "ҚазМұнайГаз" IPO-сы болмайды. Мұнай нарығындағы және жаһандық қаржы нарығындағы жағдайдың өзгеруіне байланысты "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының IPO бойынша уақыты қайта қарастырылады. Барлығы наурыз-сәуір айларындағы құлдыраудан кейін нарық, әсіресе, IPO нарығы қашан қалпына келетініне байланысты", – деді ол. 

Бұған дейін "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" Акционерлік қоғамы логистика және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі басқарушы директоры Қанат Алпысбаев "ҚазМұнайГаз" компаниясын IPO-ға шығару нарықтағы жағдайға байланысты екенін хабарлаған. 
 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу