Компанияның басқарма төрағасы Асхат Хасенов Үкімет отырысында осылай мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
– "ҚазМұнайГаз" инвестициялық портфелінде қазір полиэтилентерефталат және карбамид өндірісін жолға қоятын екі жоба бар. Карбамид жобасы ішкі нарықтың азот тыңайтқыштары бойынша қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл жоба бойынша серіктес белгіленді, бірлескен мекеме құру жұмыстары және техникалық-экономикалық негізіндемені әзірлеу аяқталуда. Жоба құны – 1,2 млрд доллар, – деді "ҚазМұнайГаз" басшысы.
Полиэтилентерефталат – қаптауыш материалдар мен тоқыма талшығын жасауға арналған жеңіл пластик. Бұл өнімді Қазақстан да, Орта Азияның барлық елдері де импорттап отыр.
Бұған дейін елімізде мұнай-газ-химия өнеркәсібі туралы заң жобасы әзірленіп жатқанын жазған едік.