"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Жаңаөзендегі жарылыс салдарынан баспанасыз қалған тұрғындарды жаңа пәтермен қамтамасыз етеді, деп жазады inbusiness.kz. http://inbusiness.kz.
"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Жаңаөзен қаласындағы төтенше жағдай салдарынан қайтыс болған тұрғынның отбасына, туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады және зардап шеккен жандардың тезірек сауығып кетуін тілейді. Тұрғын үйсіз қалған отбасыларға жаңа пәтер беріледі, зардап шеккендерге орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, барлық қажетті көмек көрсетіледі", - делінген хабарламада.
Еске салып өтейік, Жаңаөзенде тұрғын үйде газ жарылып, жарылысқа байланысты жедел штаб құрылғанын жазған болатынбыз. Жаңаөзенде тұрғын үйдегі жарылыс салдарынан бір адам қаза тапты.