"Өндірістегі жұмысшылардың санын қысқартқан жоқпыз. Тіпті, олардың санын қысқарту жоспарда жоқ. Әрине, осыған дейін бас офистегі штат санын оңтайландырдық. Оның ішінде жалақыны да азайттық. Сондықтан "ҚазМұнайГаз" АҚ-ның құрамына кіретін компаниялардағы жұмысшылардың санын арттыру немесе қысқарту жоспарланып отырған жоқ", - деді төрағаның орынбасары 2020 жылдың қаржы нәтижесінің қорытындысы тақырыбында өткен брифингте.
Айта кетейік, осыған дейін "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы өткен жылы 170 млрд теңге үнемдегені хабарланған еді.
Дәурен Ерболат