"ҚазРосГаз" Қазақстанға 90 мың тонна сұйытылған газ жеткізеді

423

Бұл бір жылға белгіленген көлем. 

"ҚазРосГаз" Қазақстанға 90 мың тонна сұйытылған газ жеткізеді Фото: ratel.kz

Энергетика министрлігі сұйытылған газ тұтынушыларымен келіссөздер жүргізді. Бұл туралы ведомство басшысы Алмасадам Сатқалиев мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"ҚазРосГаз"-дың біздің газ конденсатын Ресей Федерациясында қайта өңдеу арқылы республикамыздың ішкі нарығына немесе сыртқы нарыққа 90 мың тонна сұйытылған газды жеткізуге мүмкіндігі бар. Біз сұйытылған мұнай газының тапшылығына байланысты "ҚазРосГаз"-дан Қазақстанның сатып алушыларына осы жеткізілімді жүзеге асыруды сұрадық. Яғни біз қазір сұйытылған газ тұтынушыларымен келіссөздер ұйымдастырдық. Олардың қатарында ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар, бөлшек сауда нарығының қатысушылар бар", - деді ол тілшілердің сауалына берген жауабында.

Сатқалиевтің сөзінше, министрлік сұйытылған газ тұтынушыларын қажетті ресурстармен қамтамасыз еткен.

"Жалпы алғанда ішкі нарыққа газды жеткізу үшін тағы қосымша ресурсымыз бар", - деп жалғастырды ол.

БАҚ өкілдері сұйытылған газ ішкі нарыққа қандай бағада жеткізілетінін нақтылады.

"Олар экспорттық бағалар бойынша жеткізетін болады. Яғни бұл халықаралық баға болады. Біз экономикалық тұрғыдан "ҚазРосГаз"-ға қатысты қандай да бір ішкі бағаны қолданбаймыз", - деді Энергетика министрі Мәжілісте өткен комитет отырысында.

Айта кету керек, осыған дейін елімізде сұйытылған газ бағасы қымбаттайтынын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу