"Қазсушардың" барлық бөлімшелерінде жаңа Конституция жобасы талқыланып жатыр

176

Ашық пікір алмасу жүргізіліп, мамандардың барлық сұрағына нақты жауаптар беріліп жатыр. 

"Қазсушардың" барлық бөлімшелерінде жаңа Конституция жобасы талқыланып жатыр Фото: gov.kz

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің тапсырмасына сәйкес "Қазсушар" РМК-ның барлық филиалы мен өндірістік бөлімшелерінде, сондай-ақ барлық бассейндік су инспекцияларда жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған іс-шаралар өткізіліп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кеңеске қатысушылар еліміздің басты заң жобасындағы негізгі жаңашылдықтарды қарастырып, су шаруашылығы саласына және сала қызметкерлерінің еңбек жағдайына қатысты нормаларды талқылауда. Конституциялық өзгерістердің құқықтық маңызы мен құжатта көзделген қағидаттарды іске асыру мәселелері түсіндірілуде. 

"Инженер-гидротехник ретінде жаңа Конституция жобасында біздің салаға қатысты көптеген норманы көріп отырмын. Мысалы, су қауіпсіздігін басымдық ретінде бекіту, инновацияларға, ғылым мен цифрландыруға баса мән берілуі. Біз, жас мамандар, бұл өзгерістерге белсенді қатысуға дайынбыз", – деді "Қазсушар" РМК Шығыс Қазақстан филиалының инженер-гидротехнигі Дидар Ахметжанов.

"Жаңа Конституция жобасында тұрақты даму тұрғысынан қарастырылған экологиялық аспектілер қамтылған. Бұл жерде "Таза Қазақстан" тұжырымдамасының логикалық жалғасы айқын көрінеді. Әрбір қазақстандық өзінің азаматтық ұстанымын білдіріп, Ата заң жобасы бойынша пікірін айту үшін референдумға қатысуы тиіс деп есептеймін", – деді "Қазсушар" РМК Қ. Сәтпаев атындағы канал филиалының жетекші инженер-гидротехнигі Светлана Жаркова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу