ҚДКБҚ теңгемен сақталған депозиттердің максималды мөлшерлемесін өсірді

1439

Ұлттық банк кеше базалық мөлшелермені 10,25% көтерген. 

ҚДКБҚ теңгемен сақталған депозиттердің максималды мөлшерлемесін өсірді

Биыл 25 қаңтардан бастап Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры теңгемен сақталған депозиттердің максималды мөлшерлемесін өсірді, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚДКБҚ-ға сілтеме жасап.

"Ұлттық банк базалық мөлшерлемені көтерген соң, Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры мерзімсіз депозиттер бойынша 2022 жылғы қаңтар және ақпанда ұсынылатын максималды мөлшерлемелерді арттырды. Бұл өзгерістер 2022 жылғы 25 қаңтардан бастап енгізіледі. Осы күннен бастап банктер тиісті депозиттік өнімдер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін қайта қарауға құқылы", - деп жазылған қордың сайтында.

Сондай-ақ биыл ақпанда 3, 6 және 12 айлық жинақ депозиттер бойынша ұсынылатын максималды мөлшерлемелер қордың осы жинақ салымдар бойынша 2022 жылғы 11 қаңтарынан бастап бекіткен мөлшерлемелерге сәйкес ұлғайтылады.

Айта кетейік, кеше Ұлттық банк базалық мөлшелермені 10,25% көтерген еді

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу