KEGOC 2019 жылдың I жартыжылдығындағы дивидендтерді 16,7%-ға қысқартады

734

"KEGOC" АҚ 2019 жылдың I жартыжылдығындағы дивидендтер төлеміне таза табыстың 77,3 пайызы , яғни 17,4 млрд теңге бөлмек.  

KEGOC 2019 жылдың I жартыжылдығындағы дивидендтерді 16,7%-ға қысқартады

Бұл туралы "KEGOC" компаниясының қаржы және есеп жөніндегі басқарушы директоры Айбек Ботабеков хабарлады.

 "Бізде қолма-қол ақшаның ағыны кең. Компания акционерлерге шоғырландырылмаған таза кірістің 100 пайызын беруді ұсынып отыр. Бұл шоғырландырылған кірістің 77,3 пайызын құрайды",-деді Ботабеков Алматыда өткен брифингте.

2018 жылдың алғашқы алты айында компания дивидендтер төлеміне 20,9 млрд теңге бөлген болатын. Биылғы жылы бұл  сома 16,7 пайызға қысқаруы мүмкін.

Компанияның 2019 жылдағы бірінші жартыжылдығындағы таза кірісі 22,6 млрд теңгені құрап отыр.

 "KEGOC" акцияларының 90 пайызы "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" Акционерлік Қоғамының үлесіне тиесілі. 2014 жылдың желтоқсан айында "Халықтық IPO" бағдарламасы аясында компания жай акцияларының 10 пайызы қазақстандық қор биржасына шығарылған.

Айта кетейік, "KEGOC" компаниясы Қазақстанның электрэнергетикалық жүйесінің жүйелік операторы болып табылады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу