Бұл туралы Қазақстан баспасөз-клубында өткен брифинг барысында "KEGOC" АҚ Қаржы және есеп жөніндегі басқарушы директоры Айгүл Әкімбаева мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Жақында өткен SPO KEGOC қорытындысы бойынша "Самұрық-Қазына" АҚ үлесі 85%-ға дейін қысқарғанын естеріңізге сала кеткіміз келеді. SPO барысында инвесторлардың барлық түрлерінен, әсіресе бөлшек саудадан қызығушылықтың артуы байқалды. Нәтижесінде жалпы сомасы 34,8 млрд теңгеге 50 мыңнан астам өтінім алынды. Осылайша, сұраныс жоспарланған орналастыру көлемінен 1,5 еседен астам асып түсті", – деді спикер.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу