Кейбір адамдар вакцинаға қарсы шығып жатыр – Серікбай Трұмов

1389

Өңірде 50 мыңнан аса тұрғын (23 шілдедегі мәлімет бойынша) толық екпе алған.

Кейбір адамдар вакцинаға қарсы шығып жатыр – Серікбай Трұмов

Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов өңірде коронавирусқа қарсы вакцина алу көрсеткіші неге өте төмен екенін түсіндірді. Бұл туралы ол primeminister.kz-ке берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

"Індет тоқтату үшін негізгі атқарылатын жұмыс – екпе салу. Біз бірнеше арнайы топпен насихат жұмыстарын күнделікті жүргізіп жатырмыз. Әрине, мәселе бар. Кейбір ұжымдарда вакцина алуға қарсы шығып жатқан адамдар бар. Дегенмен күніне 1 мыңнан аса адам екпе алып жатыр. Тұрғындарды ынталандыру мақсатында лотерея ойындарын ұйымдастырып жатырмыз. Тіпті, пәтер ойнатуды ойластырудамыз", - деді Серікбай Трұмов.

Облыс әкімі өңірге Денсаулық сақтау министрлігінің арнайы тобы келгенін атап өтті.

"Біздің эпидемиологтармен бірге халыққа, ұжымдарға вакцина алудың өте маңызды екенін айтып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Өңірдегі білікті мамандар осы жұмысты жалғастырады", - деді аймақ басшысы.

23 шілдедегі мәліметке сәйкес, Маңғыстау облысында COVID-19-ға қарсы екпенінің бірінші компонентін 92 632 адам, екінші компонентін 50 395 адам алған.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін 5 млн 54 мың 970 адам, екінші компонентін 3 млн 75 мың 907 адам салдырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу