Келер жылы халық санағы жүргізіледі

1454

Қазақстанда санақ 10 жылда бір рет өткізіледі. Алайда, бұл жолғы санақ бірқатар мәселелерге байланысты бір жылға кері шегеріліп отыр.

Келер жылы халық санағы жүргізіледі

Елімізде халық санағы 2020 жылдың қазанында өтетіні белгілі болды. Үкіметтің 19 маусымдағы тиісті қаулысы жарияланды, деп хабарлайды Atameken Business.

Осы қаулы аясында санақ жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспары  бекітіледі. Оған сәйкес, санақтың алдын ала қорытындыларын жариялау 2021 жылдың II-IV тоқсанына, соңғы қорытындылары 2022 жылдың I-IV тоқсанына белгіленді.

Айта кетсек, Қазақстанда санақ 10 жылда бір рет өткізіледі. Алайда, бұл жолғы санақ бірқатар мәселелерге байланысты бір жылға кері шегеріліп отыр.

2009 жылы өткен санақта ел халқының 6,8% - ға өскені белгілі болған еді. Қазіргі уақытта республика халқы 18 млн 400 мың

Еске сала кетсек, экс-министр Тамара Дүйсенова 33 жылға алдын ала болжам жасап, 2050 жылы Қазақстанды мекендейтін адамдардың саны 24,5 млн-ға жететіні жайлы мәлімет таратқан еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу