Салаға жауапты министр кеңесшісі Төлеутай Рахимбаев заң жыл соңына дейін Парламентке енгізілетінін жеткізді. Құжатқа сәйкес, енді елдімекен ішінде отарлаған қой, табын сиыр, не үйір жылқы ұстай алмайсыз. Жаңа талап, қалалық жерден бастап шалғайдағы ауылдарға да қатысты. Төрт-түлікті ауыл шетінде не жайлауда бағуға тура келеді.
Осылайша, билік елдегі санитарлық талаптарды күшейтпек. Бүгінде ауылдағы 8 млн-ға жуық ағайынның тек 500 мыңы тұрақты жұмысқа орналасқан. Қалғаны өлместің күнін кешуде.
"Жұмыссыздық 90 пайызға жетіп, айлықтары орташа көрсеткіштен екі есе төмен", – дейді мамандар.
Билік назарынан тыс қалған бұл шаруаларды қолдауға арнайы субсидия бөлінбек. Ол үшін фермерлер бірігіп кооператив құрулары тиіс.
Мал басына шектеу енгізілсе, ауылдағы ағайын күнкөрісінен айырылып қалмай ма?
"Қосалқы шаруашылық туралы заң қабылданады" дегеннен бері ауылдағы ағайын мәселенің соңын күтіп, іштен тынып отыр. Кей нормаларына кібіртіктеп те қалды. Заң жобасын әзірлеушілердің кәсіби біліктілігіне күмән келтіргендер де бар. жетсе, ауылдың күре тамырына қан жүгірері анық. "Бұдан ауыл халқы күнкүресінен қағылады" деді бір топ. Заңның қабылдануы ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасына қалай әсер етеді? Азаматтарға жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін берілетін жер учаскелерінің мөлшері қандай?