Келер жылы өңіраралық ынтымақтастық форум Петропавлда өтеді

879

Келер жылы өңіраралық ынтымақтастық форум  Петропавлда өтеді

Аймақаралық ынтымақтастық форум келер жылы Солтүстік Қазақстанда, яғни Петропавлда өтеді, деп хабарлайды khabar.kz.

2017 жылдың 8 айында Солтүстік Қазақстан облысының Ресей Федерациясымен жасаған сыртқы сауда айналымы былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 31 пайызға өскен. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов Челябіде өткен XIV өңіраралық ынтымақтастық форумы барысында мәлімдеді. Бес жылда бірлескен кәсіпорындар саны 40 пайызға артқан. Нәтижесінде олар бюджетке 20 млрд теңгеден астам салық төлеген.

"Бүгінде қос елдің кәсіпкерлеріне кәсіптен нәсіп табу үшін барлық жағдай жасалып отыр", – дейді форумда сөз алған Құмар Ақсақалов. - Ендігі меже – екі ел арасындағы қатынасты жаңа белеске шығарып, адами капиталға жіті көңіл бөлу. Өңіраралық форум – бұл қай кезде болсын күн тәртібіндегі өзекті де өткір мәселелердің шешімін табуға мүмкіндік беретін бірегей алаң. Біз Омбыдағы әріптестерімізбен бірге ай сайын кезек күттірмейтін күрмеуі күрделі мәселелерді шешіп отыруға уағдаластық. Бүгінде қос елдің өнімдеріне деген сұраныс жоғары. Демек біз ары қарай да байланысты бекемдеуге мүдделіміз", - дейді Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу