Жаңа жылдан бастап енгізілетін тағы бір өзгеріс – автокөлік иелеріне қатысты болмақ. Қазақстандық жүргізушілерге жаңа құжат беріледі. Мұндай үрдіс 2019 жылдың маусым айынан басталмақ.
Жаңа құжат көліктің электронды паспорты немесе көлікті тіркеу туралы куәлік деп аталады. Осы электронды құжат темір тұлпарлардың жол қозғалысына қатысуға рұқсаты бар дегенді білдірмек. Егер көлікті пайдаланбасаңыз мұндай құжат қажет болмайды дейді мамандар.
Айта кетейін, оның бағасы шамамен 3300 бен 4500 теңге арасында болмақ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу