Келешекте халыққа қызмет көрсету орталықтары қажет болмай қалуы мүмкін

158

Себебі елімізде электронды қызметтер қарқынды дамып келеді. 

Келешекте халыққа қызмет көрсету орталықтары қажет болмай қалуы мүмкін Фото: www.ktk.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов мемлекеттік қызметтердің көбі онлайнға өтіп жатқанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты

"Қазіргі таңда мемлекеттік қызметтердің көбі онлайнға өтіп жатыр. Болашақта мүмкін халыққа қызмет көрсету орталықтарының қажеттілігі мүлдем болмайды деген ойымыз бар. Бірақ әзірше олар істеп жатыр. Сондықтан олардың жұмыстарын жетілдіру керек. Мысалы, арнайы ХҚКО жұмысына шағым көп түсіп жатыр. Ақпараттық жүйелерінің тоқтап қалу фактілері де бар", - деді Үкімет басшысы.

Еліміздегі 1296 қызмет түрін 334 ХҚКО көрсетеді. Былтыр орталықтар 23 млн-нан астам қызмет көрсетті. Алдыңғы жылдармен салыстырғанда бұл көрсеткіш азайған.

"Мұның басты себебі – электронды қызметтердің дамуы. 2024 жылы Қарағанды және Қызылорда қалаларында супер ХҚКО-лар ашылды. Бұл орталықтарда әкімдік, бірнеше мемлекеттік органдар, коммуналдық ұйымдар мен банк өкілдері орналасқан", - деді "Азаматтарға арналған үкімет" АҚ басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.

Айта кету керек, осыған дейін мемлекеттік қызметтердің 92%-ы онлайн көрсетілетінін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу