Келесі жылдан бастап екі әлеуметтік төлемнің мөлшері артады

442

Құжат жария талқылауға шығарылды.  

Келесі жылдан бастап екі әлеуметтік төлемнің мөлшері артады Фото: Azattyq Rýhy

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі келесі жылдан бастап Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн екі әлеуметтiк төлемнiң мөлшерiн көтеруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты 

Ведомствоның бұйрық жобасы "Ашық НҚА" порталына жарияланды. 

"2026 жылғы 1 қаңтарға дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан тағайындалған еңбекке қабілеттіліктен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап алатын әлеуметтік төлемдердің мөлшерінен 10 пайызға арттыру", – делінген құжат жобасының қысқаша сипаттамасында.

Ведомствоның мәліметінше, еңбекке қабілеттіліктен айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем бюджет қаражаты есебінен мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға қосымша тағайындалады. 

"МӘСҚ-тен төлем медициналық-әлеуметтік сараптамада белгіленген 30%-дан 100%-ға дейінгі дәрежеде және еңбек қызметін жалғастыруына қарамастан жалпы еңбекке қабілеттілігін жоғалту кезеңінде жүзеге асырылады", – деп түсіндіреді министрлік.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлем асырауындағы адамдар 18 жасқа толғанға дейін, ал күндізгі оқу нысанында оқыған жағдайда 23 жасқа дейін төленеді.

Құжатты көпшілік талқылау 20 қазанға дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу