Келесте білім бөлімінің басшысы 800 млн теңге ұрлап, 7 жылға сотталды

167

Оның қарамағындағылар да қызметкерлері түрлі қылмыстық әрекет жасаған.  

Келесте білім бөлімінің басшысы 800 млн теңге ұрлап, 7 жылға сотталды Фото: newtimes.kz

Түркістан облысы Келес аудандық соты білім бөлімінің басшысы мен есепшілерді қосқанда 23 адамға үкім оқыды, деп жазады inbusiness.kz сайты "Отырар" телеарнасына сілтеме жасап.

Облыстық соттың мәліметінше, олар аса ірі көлемде "сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу" бабымен кінәлі деп танылды.

Аудандық білім бөлімінің басшысы Ә. қосқанда сот алқасы сотталушылардың сегізін 7 жылға бас бостандығынан айырды. 

Олар жазасын қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде өтейді. Ал тағы  5 сотталушының дәл осы мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы шартты жазаға ауыстырылды. Сот қалған 10 сотталушының бас бостандығын 3 жылға шектеді.

Сот дерегінше, сотталушылар мемлекетке 812 миллион теңгеден аса залал келтірген. Олар қылмысты 2021 жылдан бастап 2023 жылдың соңына дейін жалғастырған. Қасақана аудандағы мектептерде жұмыс істемеген адамдардың есебіне ақша аударып, бюджет қаржысын иемденіп, жымқырған.

Сот тергеуі кезінде айыпталушылар 279 миллион теңгені мемлекетке қайтарған.

7 адам тағылған айыпты мойындамай ақтауды сұраған, 16 адам айыпты мойындап өкініш білдірген.

Еске сала кетейік, өткен аптада Сарыағаш аудандық білім бөлімінің басшысы мен есепшілерін қосқанда 11 адамға сот үкімі шыққан. Оларға мемлекетке 547 миллион теңге залал келтірді деген айып тағылған.

Екі сот үкімі де заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу