"Келісілмеген қызмет түрін жүзеге асырды": Түркістан ӘКК инвесторларға несие беріп келген

790

"Түркістан" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ Жарғысына сәйкес несие беру бойынша қызмет түрі көзделмеген. Алайда Түркістан ӘКК инвесторларға жалпы сомасы 5,7 миллиард теңгеге несие бергені анықталды. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.  

"Келісілмеген қызмет түрін жүзеге асырды": Түркістан ӘКК инвесторларға несие беріп келген Фото: Azattyq Ruhy

"Агенттіктің Түркістан облысы бойынша департаментінің  атына монополияға қарсы органмен Түркістан ӘКК келісілмеген қызмет түрін жүзеге асыруға қатысты Түркістан облысы прокуратурасының ұсынысы келіп түсті. Түркістан ӘКК 2018 жылғы наурыздан бастап 2020 жылғы қазанға дейінгі кезеңде инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде инвесторларға несие сомасынан жылдық сыйақы мөлшерлемесі 0,01%-дан 14%-ға дейін жалпы сомасы 5,7 миллиард теңгеге несие бергені анықталды. Түркістан облысы әкімі аппаратының "Ауыл шаруашылығы басқармасы" ММ бұйрығымен бекітілген Түркістан ӘКК-ның Жарғысына сәйкес несие беру бойынша қызмет түрі көзделмеген", - делінген хабарламада.

Үкімет қаулысына сәйкес, мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбенің 4-бөліміне сәйкес "несие беру" қызмет түрі көзделмеген.

"Департамент ҚР Кәсіпкерлік кодексінің нормаларын басшылыққа ала отырып, Түркістан ӘКК-ге қатысты "несие беру" бойынша қызмет түрін көрсетуді тоқтату арқылы "бұзушылықтар мен олардың салдарын жою туралы",  нұсқама  шығарды. Корпорация Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына әкімшілік талап арыз жолдады. 2022 жылғы 22 қыркүйекте мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот Түркістан ӘКК-нің әкімшілік талап арызын ішінара қанағаттандыру туралы шешім шығарды, Департаменттің нұсқамасы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетігін іске асыру үшін несие беру бөлігінде ғана жойылды. Сот шешімімен инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде несиені заңсыз беру фактісі анықталды", - делінген агенттік таратқан ақпаратта.

Түркістан ӘКК бұл шешімімен келіспей, облыстық соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасына апелляциялық шағым жолдағаны белгілі болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу