Майқайыңдағы алтын кеніші арада 9 ай өткенде қайтадан іске қосылды

305

"Майқайыңалтын" АҚ-да төрт құтқарушының өмірін жалмаған апаттан кейін жұмысы тоқтап тұрған кеніш қайтадан ашылды, деп жазады inbusiness.kz сайты KAZINFORM басылымына сілтеме жасап.

Майқайыңдағы алтын кеніші арада 9 ай өткенде қайтадан іске қосылды Фото: ҚР ТЖМ

Бүгінде онда жерасты жарылыстары ұйымдастырылып, алтын комбинатына шикізат толассыз жеткізіліп жатыр.

"Майқайыңалтын" АҚ-ға қарасты алтын кеніші қазан айынан бері жұмысын толыққанды бастап кетті. Бүгінге дейін бірнеше жарылыс жұмыстарын жүргізіп, қазір кенді тұрақты өндіруге көштік. Кеніштен шығып жатқан кен жыныстары кен байыту комбинатын тұрақты қамтамасыз етуге жеткілікті. Комбинат жанында жылдар бойы үйіліп қалған өңдеуден кейінгі қалдық та кәдеге жаратылып жатыр. Шикізатты сырттан тасуға ешқандай себеп жоқ, қазір өндіріс циклы жолға қойыла бастады", – деп хабарлады Kazinform тілшісіне "Майқайыңалтын" АҚ бас директоры Қайролла Жүрсінбаев.

Биыл жыл басында кеніште болған қайғылы оқиғадан соң алтын шахтасының кеншілері мәжбүрлі демалысқа жіберілгені мәлім.

Кәсіпорын басшысының айтуынша, олардың біраз бөлігі бұрынғы жұмыс орындарына қайтып оралған. Ал басқа жұмыстарға ауысып кеткендердің орнына жаңадан кеншілер алынған.

"Кеніште қанша қызметкер еңбек ететіндігі туралы ақпарат әзірше жоқ. Дейтұрғанмен нақты штат саны қазан айының соңында белгілі болып қалады", – деді бас директоры.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу