Кемемен кісі басқан бала жазадан құтылуы мүмкін

598

Марқұмның туыстары кешірім беріп отыр.  

Кемемен кісі басқан бала жазадан құтылуы мүмкін

БҚО Шаған өзенінде моторлы қайық басып кеткен Екатерина Ананьеваның өліміне облыстық мәслихат депутаты Валерий Крыловтың жасөспірім ұлы басты күдікті болып отырғанын жазған болатынбыз. Қазіргі күні марқұмның туыстары зардап шегуші тарап ретінде баланың ата-анасына кешірім бергені белгілі болып отыр.

"Крылов өзі кешірім сұрап, алдымызға келді. Ол маған түсінігі мол, ар-ұяты бар, дұрыс адамдай көрінді. Мен өзім де анамын, бала үшін жаның күйген қандай болатынын жақсы түсінемін. Оның үстіне, бұл жерде бала әдейілеп қастандық жасамаған, біздің қолда бар деректеріміздің бәрі оның байқамай кісі өлтіріп алғанын көрсетіп тұр", – дейді Ананьеваның апасы Людмила Ермекқалиева.

Екі жақтың кездесуіне кейін жақынын жоғалтқан қаралы кісілердің моральдық және материалдық шығыны толықтай өтеліп, келешекте барынша көмек көрсетіліп тұратын болып уағдаласқан.

Ермекқалиева ханым "біз депутаттың отбасына ешқандай арыз-шағымымыз жоқ деп жазып бердік" дегенмен, БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі зардап шегушіден ешқандай құжат келіп түспегенін және сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатқанын мәлімдейді.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу