Кенияда 49 адам жол-көлік оқиғасынан қаза тапты

373

Кенияның батысында жол апатынан кем дегенде 49 адам қаза тапты.

Кенияда 49 адам жол-көлік оқиғасынан қаза тапты Фото: РЕН ТВ

Полиция өкілі Абди Хасан іздеу жалғасып жатқанын және құрбан болғандардың саны әлі де артуы мүмкін екенін айтты, деп жазады inbusiness.kz.

Қайғылы оқиға жұма күні кешке болды. Жүк көлігінің жүргізушісі қиылыста рөлге ие бола алмай, сегіз көлікті, бірнеше мотоциклді қағып, жол жиегінде тұрған адамдарды басып өткен. 

Куәгерлердің айтуынша, көлік жоғары жылдамдықпен келе жатқан. Жүргізушінің жағдайы әлі белгісіз.

Кения президенті Уильям Руто өзінің Twitter парақшасында қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты. 

"Қаза тапқандардың арасында жарқын болашағы бар жастар мен күнделікті халық үшін қызмет еткен қарапайым саудагерлер болғаны өкінішті", - деп мәлімдеді көшбасшы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу