Кенияда жол апатынан 32 адам қаза тапты

999

Кенияда жол апатынан 32 адам қаза тапты

Кенияда жол апаты 32 адамның өмірін қиды. Бұл туралы "Анадолу" агенттігі не сілтемемен 24.kz.

Жеңіл көлік жолда келе жатып, қатарынан 13 көлікке соғылған. Оқиға ел астанасы Нейроби қаласы маңында болған. Қаза тапқандардың қатарында балалар бар. Тәртіп сақшыларының айтуынша, марқұмдардың саны әлі де өсуі мүмкін.

Жылдамдықты шектен тыс асырып айдаған көлік жүргізушісі "Көлік және қауіпсіздік басқармасы" қызметкерлерінен бой тасаламақ болғанға ұқсайды. Алайда көлік тізгінін игере алмай, қарсы бағытқа шығып кеткен.

"Өкінішке қарай, қаза тапқандар көп. 19 адам оқиға орнында жан тапсырды. Көбі ауруханаға жеткізілгеннен кейін ауыр жарақаттан көз жұмды. Марқұмдардың саны 32 адамға жетті. Жол апаты кезінде жүк көлігі мен шағын автобусқа және тағы бірнеше жеке көлікке зақым келген", - дейді тәртіп сақшысы Хассан Баруа.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу