Кенияда жол апатынан 50 шақты адам қайтыс болды

852

Қаза болғандар арасында 5 жасқа дейінгі 8 бала бар.

Кенияда жол апатынан 50 шақты адам қайтыс болды

Кенияның Керичо аймағында 50-ге жуық адамның өмірін алып кеткен ірі жол апаты орын алды, деп хабарлайды euronews.com.

Жол апаты 10 қазан күні таңертең орын алған. 67 орындық автобус өрге қарай көтерілер тұста жолдан шығып кетіп, қоршауға барып соқтығысып, аударылып қалған.

Қаза болғандар арасында 5 жасқа дейінгі 8 бала бар. Жарақат алғандар ауруханаға жеткізілген.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу