Кенияның батысында автобус жүк көлігімен соқтығысып, 36 адам ажал құшып, тағы 20-дан астамы жарақат алған. Марқұмдар арасында балалар бар, деп хабарлайды khabar.kz.
Жол апатының нақты себебі әлі анықталған жоқ. Куәгерлердің айтуынша, автобус жүргізушісі жылдамдықты шамадан тыс асырған. Соның салдарынан жолдың қарсы бетіне шығып кеткен.
Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, автобус пен жүк көлігі соқтығысқан бұл жолда осындай оқиғалар жиі тіркеледі. Өткен айдың өзінде ғана мұнда жол апатынан 100-ге жуық адам көз жұмған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу