Кентау дәмханасында тамақтан уланғандар саны өсті

496

Уланғандардың саны 67 адамға дейін жетті

Кентау дәмханасында тамақтан уланғандар саны өсті Фото: El.kz

Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасы Кентаудағы жаппай улануға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Кентау қаласында тамақтан уланумен орталық қалалық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне 67 адам, амбулаториялық емделушілерге 28 адам түсті. 14 жасқа дейінгі науқас балалар арасында - 40, ересектер - 27, оның ішінде жүкті әйелдердің саны - 3", - деп хабарлады Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Астан уланғандар фаст-фуд кафесінде суши мен тауық етін жеген.

Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Дәрігерлер уланғандардың жағдайын орташа ауыр деп бағалап отыр. Мамандар зертханалық зерттеу үшін дәмханадан сынама алды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Кентау дәмханасында 58 адам тамақтан уланғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу