Ақтөбеде кепілден босатылып, аман қалған 40 жастағы әйелдің жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Кеше ауруханаға екі науқас жеткізілді. 1984 жылғы әйел басынан және денесінен жарақат алған. Пышақ жарақаты жоқ. Ол жансақтау бөліміне жатқызылды, бүгін палатаға шығарылады. Бүгінгі таңда оның жағдайы тұрақты, орташа ауыр деп бағаланып отыр. 1950 жылы туған екінші науқас жансақтау бөлімінде көз жұмды. Ер адам ес-түссіз күйінде жеткізілді", – деді Ақтөбе облыстық көпсалалы ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Азамат Тұрышев.
Айта кету керек, осыған дейін Ақтөбеде ер адам әйел мен оның ата-анасын кепілге алғанын жазғанбыз. Кейіннен екі адам көз жұмды.