Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн-брифинг барысында Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева 1 қыркүйектен бастап 1-2 сыныптарға арнап 193 кезекші топ ашылатынын, онда 1977 оқушы оқитынын хабарлады.
"Кезекші сыныптар снитарлық эпидемиолгиялық талаптар қатаң сақталған жағдайда жүзеге асырылады. Кезекші топта оқуға созылмалы аурулары жоқ балалар жіберіледі. Балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдері санитарлық қауіпсіздік құралдарымен қамтиды. Оның ішінде маскалар, қолды тазалауға арналған антисептик немесе бактерияға қарсы сулы майлықтар. Балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдері балаларын әлеуметтік арақашықтықты сақтау туралы түсіндіреді. Балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдері балаларды мектептің алдыңғы есіктеріне алып әкеледі, ал сабақ аяқталғаннан кейін балаларды мектептің алдыңғы есіктерінен үйге дейін ертіп алып кетеді", - деді спикер.