Кезекте тұрған 90 мың қазақстандықтың баспанасы болған

356

Қолданыстағы заң бойынша бұл азаматтардың мемлекет тарапынан берілетін тұрғын үй алуға құқығы жоқ.

Кезекте тұрған 90 мың қазақстандықтың баспанасы болған Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Мәжілістің пленарлы отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

"Үй кезегінде тұрған 646 мың адамның ішінде 232 мыңы кезектен шығарылады. 90 мың адамның баспаналы екені анықталып отыр. Заң бойынша олардың баспана алуға құқығы жоқ. (...) Тұрғын үй кезегіндегілердің тізбесін "Отбасы банкіне" береміз. Өз кезегінде "Отбасы банк" 17 мәлімет базасымен интеграцияланған",  - деді ведомство басшысы. 

Министрдің сөзінше, бұл тұрғын үй кезегіне тұрудың заңдылығын анықтауға мүмкіндік береді. 

"Сонымен қатар министрлікке тексеріс жұмыстарын жүргізуді жеңілдетеді", - деп толықтырды Шарлапаев.

Министрлік ұсынып отырған жаңа модельге сәйкес тұрғын үйді бөлу азаматтардың есепке тұрған күніне және табыс деңгейіне байланысты жүзеге асырылатын болады. 

"Бұл тұрғын үйді есепке тұрған күніне байланысты бөлу, барлық мұқтаж азаматтарды әділ түрде қамтуға мүмкіндік береді", - деп түсіндірді ведомство басшысы.

Айта кету керек, осыған дейін елімізде 232 мың адам баспана кезегінен шығарылатынын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу