KFC мейрамханаларына Діни басқарманың халал сертификаты берілген

1660

KFC мейрамханаларына Діни басқарманың халал сертификаты берілген

2016 жылдың наурызында KFC мейрамханасының тағамдарына жасалған сараптама нәтижесінде Діни басқарманың халал сертификаты берілген болатын, деп хабарлайды Muftyat.kz  сілтеме жасап BNews.kz.

"Мұсылман бауырларымыздың сұрақтарына сәйкес Қазақтандағы KFC мейрамханалары туралы ақпаратты толықтырып қайта назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік", деп жазады агенттік.

Бүгінгі таңда республика аумағында 32 KFC мейрамханасы халыққа қызмет көрсетеді. Нақтырақ айтар болсақ, Астана, Алматы, Павлодар, Шымкент, Қарағанды қалаларында орналасқан.

1. КFС тауығына Ресей мұсылмандары діни басқармасының сертификаты берілген.

2. Ресейлік əріптес бауырлардың нақты берілгені жөнінде ақпарат алынып, біздің халал өнімдерімізге бекіткен стандарттарға толық сай келетініне көзімізді жеткізіледі.

3. Біздің стандартта əрбір тауық қолмен бауыздалуы тиіс. Және сол тауықтардың жейтін жеміне назар аударамыз. Олардың жейтін жемінің құрамы сүйік ұны байытылмайды.

4. Тауықтар Ресейдің Курск қаласының "Белая птица" құс фабрикасының әкелінеді.

5. Тасымалдану жағдайы аса маңызды. Сол көліктердің əрбір партиясына айы, күні, жылы және мөр соғылады. Жіберілген əрбір партияны сол фабрикаға бекітілген діни қызметкер бақылап тұрады.

Елімізге жеткізілген шикізат осында маринадталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу