Kids Go Free жобасы аясында мыңнан астам бала ұшақ қызметін тегін пайдаланды

530

Kids Go Free жобасы аясында мыңнан астам бала ұшақпен тегін саяхаттады. Бұл туралы Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов хабарлады, деп жазады inbusiness.kz. 

Kids Go Free жобасы аясында мыңнан астам бала ұшақ қызметін тегін пайдаланды

"Kids Go Free – ата-аналар мен балалардың бос уақытын тиімді өткізу және демалысқа жұмсайтын шығынын азайту, сондай-ақ ішкі туризмді насихаттау мақсатында іске қосылған министрліктің ерекше жобаларының бірі. Бұл жоба биыл тұңғыш рет қолға алынды. Болашақта сұранысқа ие болады деген ойдамыз. Туристік өнімге енгізілген билеттің құнын субсидиялау шеңберінде республика аумағында кәмелетке толмаған жолаушыларды әуемен тасымалдау кезінде бүгінгі таңда 1 мыңнан астам бала қамтылды. Алдағы уақытта бұл жұмыстар жалғасады", - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, бұдан бөлек балалар мен жасөспірімдер арасында ішкі туризмді дамыту мақсатында жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, Алматы облысында 300 баланы қамтыған тау және жаяу жүру туризміне арналған "Жоңғария" республикалық триадасы өтті. Сондай-ақ жаз мезгілінде балалар археологиясы бойынша жобалары, әлеуметтік бастамалар жүзеге асырылды.

Еске салайық, осыған дейін Нұрғиса Дәуешов алдағы жылы ArtSport бойынша қаражат жетіспеу мәселесі болмайтынын айтқан болатын.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу