Киевте баланы аман алып қалған Ұлттық ұлан сержанты медальмен марапатталды

2222

"Бауыржан Момышұлы. Батыр шапағаты" медалі берілді.

Киевте баланы аман алып қалған Ұлттық ұлан сержанты медальмен марапатталды

Украина астанасы Киевте баланы аман алып қалған Ұлттық ұлан сержанты Алексей Кудиенко "Бауыржан Момышұлы. Батыр шапағаты" медалімен марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Сержант Алексей Кудиенконы бірінші болып ардагерлер марапаттады. 6506 әскери бөлімінің командирі, Халық Қаһарманы полковник Қайрат Үмбетов жеке қабылдауы кезінде сержант Алексей Кудиенконы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы Ардагерлер кеңесінің қаулысымен берілген "Бауыржан Момышұлы. Батыр шапағаты" медалімен марапаттады", – деп хабарлайды Ұлттық ұланның баспасөз қызметі.

"Сержан Кудиенко демалыс кезінде ер азаматқа тән ерлік жасады. Қолбасшылық пен бүкіл жеке құрам оның іс-әрекетін жоғары бағалайды. Біз онымен мақтанамыз. Оның үлгісі бойынша біз жас сарбаздарымызды, болашақ ұрпақты тәрбиелейтін боламыз", – дейді полковник Қайрат Үмбетов.

Еске сала кетсек,  Шымкент қаласының тұрғыны Алексей Кудиенко Киевтегі әуежайда кішкентай қыз баланы өлімнен құтқарып қалған еді. Кейін Киев әуежайында кішкентай баланы құтқарып қалған жігіт ҚР Ұлттық ұланының сержанты болып шыққаны белгілі болды.

 "Кудиенко Алексей Александрович 2010-2017 жылдары Шымкент қаласындағы 6506-әскери бөлімшеде қызмет еткен. Ол материалдық-техникалық қамтамасыз ету ротасының автомобиль взводының аға жүргізушісі болған. 2017 жылдың тамызынан бері Алматы қаласындағы аппаратураларды жөндеу және байланыс өңірлік орталығының маманы болып жұмыс істейді", – деп мәлімдеді ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу