Кімдердің әскери жиынға шақырылмайтыны белгілі болды

18510

Ол бойынша 9 категория анықталды.

Кімдердің әскери жиынға шақырылмайтыны белгілі болды

Арнаулы әскери жиынға шақыртудан кейбір азаматтар босатылады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Орталық коммунациялар қызметінде өткен онлайн баспасөз мәслихатында жариялады. 

Жиыннан босатылғандар:
1. қорғаныс, қауіпсздік және құқық тәртібін қамтамасыз етумен байланысты қызметтегі мемлекеттік органдарда жұмыс істейтін тұлғалар;
2. эксперименталды, мемлекеттік және азаматтық авиацияның қызметкерлері;
3. егіс және жинау кезінде ауыл шаруашылығында және ауыл шаруашылығы техникаларын жөндеу бойынша ұйымдарда істейтін тұлғалар;
4. оқу жылы кезінде педагогикалық қызметкерлер (күндізгі оқу формасындағы білім беру ұйымдары);
5. күндізгі оқу формасындағы білім беру ұйымдарында оқитындар;
6. әскери міндетті әйелдер;
7. 18 жасқа толмаған 3 немесе одан да көп баласы бар тұлғалар;
8. қылмыстық заң бойынша оларға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатқан тұлғалар;
9. ҚР Парламент депутаттары мен жергілікті өкілдік органдары тағайындаған әскери міндеттілер;

Азаматтар тұрғылықты мекенжай бойынша жиынға шақырылады. Осы ретте қызметтік шараларды атқарған соң олар үйлеріне қайта алады. Яғни арнаулы жиын жұмыс іспеттес болады.

"Мобилизация – мемлекеттің барлық саласын, халықты, ұйымдарды жаппай әскери уақыты режиміне аудару. Арнаулы жиын деген бұған жатпайды. Әскери шақыртулар жиі өткізіліп тұрады, жылына бірнеше рет.Барлық әкімдердің мұндай шараларды өткізуде тәжірибесі бар. Әкімдер Қорғаныс істері бойынша бөлімдер, әскери  коммиссариат арқылы шақырту жүргізеді. Әскери міндеттілердің денсаулығы, отбасылық жағдайы, жасы және тағы да басқа факторлар ескеріледі", – деді Ермекбаев.

Сондай-ақ жиын кезінде әскери міндеттілердің жұмыс орындары мен олардың лауазымдары сақталады. Әскери міндеттілерге жұмыс орны бойынша жалақы төленеді. Ал жұмыс істемейтіндергі ең төменгі еңбекақы төленеді. Министр: "Мысалы, шақыртуға дейін әскери міндеттінің жалақысы 200 мың теңге болса, арнаулы жиынның әр айында сол соманы алатын болады. Ал қазіргі таңда минималды еңбекақы мөлшері 42500 теңге", – деді өз сөзінде.  

Еске сала кетсек, 2 сәуірде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әскери міндеттілердің арнаулы жиындарға шақыру туралы жарлыққа қол қойған болатын. 3 сәуірде Орталық коммуникациялар қызметінде Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев осыған қатысты онлайн баспасөз мәслихатын ұйымдастырып, түсініктеме берді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу