Кирилл Герасименко үстел теннисінен Германиядағы жарысты жеңіспен бастады

946

German Open – Халықаралық үстел теннисі федерациясының ұйымдастыруымен жыл сайын Германияда өтетін турнир.

Кирилл Герасименко үстел теннисінен Германиядағы жарысты жеңіспен бастады

28 қаңтар күні Германияның Магдебург қаласында үстел теннисінен ITTF World Tour Platinum - German Open ірі халықаралық турнирі басталды. Аталған сынға Қазақстан атынан Кирилл Герасименко мен Анастасия Лаврова қатысуда, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Бірінші жарыс күнінде Анастасия Лаврова жапониялық Хонока Хашимтомен кездесті. Өкінішке қарай, біздің спортшы әлем чемпионатының қола жүлдегеріне қарсылық таныта алмай, 0:4 есебімен ұтылды. 

Қазақстан командасының көшбасшысы Кирилл Герасименко бірінші жарыс күнінде жапондық Сонэ Какерді ұтты. Келесі айналымда Герасименко германиялық Вальтер Рикардоға қарсы ойнайды. 

German Open – Халықаралық үстел теннисі федерациясының ұйымдастыруымен жыл сайын Германияда өтетін турнир. Бүгінде аталған турнирдің жүлде қоры 235,000 АҚШ долларын құрайды.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу