Кирилл Герасименко үстел теннисінен топ жарды

497

Жалпы ойын барысында ол барлығы 6 кездесу өткізіп, қарсылас шақ келтірмеді.  

Кирилл Герасименко үстел теннисінен топ жарды

Гранадада үстел теннисінен ITTF Challenge Spanish Open кезеңі аясындағы ірі халықаралық жарыста Кирилл Герасименко жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Аталған жарыстың финалында ол Германиялық Бенедикт Дудомен кездесті. Тартысты өткен шешуші ойын 7 айналымға созылды. Бастапқыда есеп 3:3 болды. Ақтық айналымда Герасименко салқынқандылық сақтап, қатеге жол бермей, нәтижелі шабуылды үдетті. Нәтижесінде, соңғы айналым 11:7 есебімен Герасименконың еншісіне шешілді. Осылайша, финалдық кезең 4: 3 есебімен аяқталып, отандасымыз жеңімпаз атанды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу