"Кіші Талдыкөлді сақтайық" – экобелсенділер Президентке петиция жолдады

871

Елордада құрылыс жұмыстары салдарынан тартылып бара жатқан Кіші Талдыкөлді сақтап қалу үшін экобелсенділер Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа петиция жолдап жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Кіші Талдыкөлді сақтайық" – экобелсенділер Президентке петиция жолдады

"Сіздер бұдан былай SOSTaldykol бастамасын қолдап, Президенттің атына жазылған өтінішке қол қоя аласыздар!",  дейді экобелсенділер.

Нақтырақ айтқанда бастамашыл топ мынадай талаптарды қойып отыр:
1. Елорда әкімінің Кіші Талдыкөл көлдері тобының жерін су қоры жерінің санатынан елдімекен мәртебесіне ауыстыру туралы шешімінің күші жойылсын. Кіші Талдыкөл көлдеріне су объектісі мәртебесі берілсін (бар шекараларын сақтай отырып) және оларды ҚР мемлекеттік су кадастрына енгізсін.
2. Кіші Талдыкөл көлдерінде және іргелес аумақтарда оларды сақтау жөнінде тиісті шешімдер қабылданғанға дейін кез келген құрылыс және дайындық жұмыстарын жүзеге асыруға мораторий қойылсын.
3. Кіші Талдыкөл көлдерінің тобы іргелес аумақтарымен жоспарланған табиғи парктің шекарасына қосылсын.

Петицияға қол қою үшін мына сілтемеге өту керек.

Айта кетсек ойсыз құрылыстың салдарынан Нұр-Сұлтанның батыс бөлігіндегі кіші Талдыкөлдің қамыс-қоғасы жапырылып, суы тартылып бара жатыр.      Адамның қамы үшін аң-құстың ұясы бұзылып, көл экожүйесі көпе-көрнеу қиянатқа тап болған. Осылай деген бір топ экобелсендінің Талдыкөлдің мәселесін көтеріп, бармаған жері, баспаған тауы қалмапты. Табиғатқа жасалған бұл қиянат Қазақстанның халықаралық келісімдеріне де қайшы дейді экобелсенділер

Аян Бекенұлы
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу