54 жастағы Талғат Қатауовтың 6 мен 14 жас аралығындағы бірнеше қызға қатысты әдепсіз әрекеттер жасағаны белгілі болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Orda.kz басылымына сілтеме жасап.
Оған Қылмыстық кодекстің 122-бабының 1-бөлігі "Кәмелетке толмағанмен жыныстық қатынасқа түсу немесе жыныстық сипаттағы өзге де әрекеттерді жасау" бойынша айып тағылып отыр. Бұл бап үшін 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Бастапқыда Т.Қатауовқа Қылмыстық кодекстің 124-бабы "16 жасқа толмаған адамдарды азғындық жолға түсіру" бойынша іс қозғалған.
Бұл бап бойынша 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Десе де, сот отырысының соңында прокурор оған тағылған айыпты онша ауыр емес айыппен ауыстыруды сұрады.