Климаттың өзгеруі әлемдегі энергетикалық саясаттың негізгі флагманы болады - NNWI

637

Дүние жүзінде энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттілігі артып отыр. 

Климаттың өзгеруі әлемдегі энергетикалық саясаттың негізгі флагманы болады - NNWI Фото: google.com

Бұл туралы елордада энергетикалық қауіпсіздік тақырыбында өтіп жатқан конференцияда National Neighborhood Watch Institute (NNWI) президенті Тим Йео айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"NNWI өткен жылға дейін Еуропа елдеріне назар аударып келді. Бірақ біз жұмысымыздың үлкен бөлігі Орталық Азия аймағы екенін түсіндік. Климаттың өзгеруі бүкіл әлемдегі энергетикалық саясаттың негізгі флагманы болады деп санаймыз. Орталық Азияны алдағы бірнеше жылда өзгерістер күтіп тұр”, - деді спикер. 

Оның айтуынша, бүгінгі таңда энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттілігі артып отыр. 

“Сондықтан электр энергиясын үздіксіз өндіруді қамтамасыз ету үшін индустрия өкілдерімен тығыз байланыста болу қажет. Әрине бұл нарықтағы жағдайға, атап айтқанда бағаның өзгеруіне де тікелей байланысты. Жаңартылатын энергия көздері мен атом энергиясына келсек, оларға климаттың өзгеруіне қатысты тенденциялар әсер етеді. Жаңартылатын энергия көздері де, атом энергиясы да нөлдік көміртегі шығарындыларына ие екені баршамызға белгілі”, - деп түйіндеді Тим Йео.

Еске салайық, осыған дейін Астанада энергетикалық қауіпсіздік тақырыбында конференция өтіп жатқанын жазған болатынбыз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу