Клизмадан күйіп қалған сәби санавиациямен шұғыл Алматыға жеткізілді

839

Бала Ғылыми педиатрия және балалар хирургия орталығына жатқызылған.

Клизмадан күйіп қалған сәби санавиациямен шұғыл Алматыға жеткізілді

Шымкентте клизмадан күйіп қалған сәби санавиациямен  шұғыл түрде Алматыға жеткізілді, деп хабарлайды Atameken Business.

Ем қабылдауға барған бала Ғылыми педиатрия және балалар хирургия орталығына жатқызылған. 10 айлық сәбиді Алматыға ауыстыру анасының өтініші бойынша шешілген.

Айта кетсек, Шымкентте қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының медбикелері ем қабылдап жатқан баланың тік ішегіне ыстық су жіберіп, күйдіріп алған болатын. Салдарынан нәресте аурухананың жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты. Осыдан кейін ауруханада жаппай тексеру шаралары жүргізіліп, екі медбике мен аға медбике уақытша жұмыстан шеттетілді.

Сала мамандары балаға клизма  50-60 градус ыстық сумен жасалғанын анықтап, термиялық күйік шалғанын растады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу