Агенттіктің СҚО бойынша департаменті өңір әкімдігі жанындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өткізу кезінде делдалдық схемаларды тергеу жөніндегі комиссия аясында артық делдалдықты анықтауда, деп жазады inbusiness.kz.
Талдау барысында макарон өнімдерін өндірушіден тікелей сауда субъектілеріне дейін өнімнің түпкілікті құнының өсуіне әсер еткен 2-3 аффилиирленген делдалдар арқылы өткізу кезінде артық делдалдық дерек анықталды.
"Департаменттің бастамасы бойынша уәкілетті орган өндірушінің атына оның әрекеттерінде бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу белгілерінің бар екендігі туралы хабарлама берді", - делінген агенттік таратқан ақпаратта.
Бүгінгі таңда өндіруші департаменттің хабарламасын толық көлемде орындады. Бірлескен профилактикалық жұмыстың арқасында негізсіз делдалдарды алып тастау, өнімді облыс кәсіпкерлеріне тікелей жеткізуге мүмкіндік болды.
"Дүкендер мен супермаркеттер желісіндегі осы өндірушінің макарон өнімдерінің бағасы 490 теңгеден 355 теңгеге дейін төмендеді. Бағаның азаюы шамамен 40%-ды құрап отыр. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады", - деді ҚМА.