ҚМДБ Абай Бегейдің кәмелетке толмаған қызының некесіне қатысты пікір білдірді

2018

Бұған дейін танымал әнші Абай Бегейдің 16 жастағы қызы Сымбат тұрмысқа шыққанын хабарлаған болатынбыз.  

ҚМДБ Абай Бегейдің кәмелетке толмаған қызының некесіне қатысты пікір білдірді Фото: коллаж inbusiness.kz

Ақтау қаласында кәмелет жасқа толмаған қыздың некесіне қатысты әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа қатысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Маңғыстау облысы бойынша өкілдігі таратқан, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

"Ақтау қаласында кәмелет жасқа толмаған қыздың некесіне қатысты әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа қатысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Маңғыстау облысы бойынша өкілдігі неке қию рәсімі мешітте болмағанын анықтады. Мешіт имамдары кәмелет жасқа толмаған қыздың некесін қимаған. Мешітке келіп, құлшылық үйін аралауға, ауласында суретке түсуге шектеу қойылмайды. Жастардың мешітке келіп, естелікке суретке түскені белгілі болды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қабылдаған "Мешіт имамдарының неке қию тәртібі" құжатына сәйкес отбасы құрғысы келетін азаматтар әуелі АХАТ бөлімі арқылы заңды некеге отыруы тиіс. Неке қию рәсіміне болашақ ерлі-зайыптылардың ата-анасы немесе олардың заңды өкілдері қатысуы міндетті. Діни некеге ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің келісімі керек. Олай болмаған жағдайда мешітте діни неке қиылмайды", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу