Биыл Рамазан айы 19 ақпанда басталады. Қадір түні наурыздың 16-сынан 17-сіне қараған түнге сәйкес келеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ораза айт наурыздың 20-сында басталып, үш күнге созылады.
Ал Құрбан айт мамырдың 27-сі мен 29-ы күндері өтеді.
"Пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертеді", – деп хабарлады ҚМДБ.

Рамазан айы – мұсылмандар үшін ең қасиетті айлардың бірі болып табылады. Бұл айда ораза ұстап, күн сайын ауқаттану мен ішуден бас тарту, сондай-ақ рухани тазалыққа ұмтылу маңызды орын алады.
Рамазан айы әлемнің көптеген халықтары үшін үлкен мәнге ие, ол қанағатшылдықты, сабырлықты және төзімділікті арттырады.
Бұған дейін мүфтият мамандары дипфейкке қатысты үкім жариялағанын жазған болатынбыз.