"ҚазМұнайГаз" басшысы Атырау мұнай өңдеу зауытын тексерді

259

Қызметкерлер бар күш-жігерін зауыттың тұрақты және үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге бағыттауы тиіс.  

"ҚазМұнайГаз" басшысы Атырау мұнай өңдеу зауытын тексерді Фото: ҚазМұнайГаз

"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Атырау облысына жұмыс сапары барысында Атырау мұнай өңдеу зауытында (АМӨЗ) болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

ҚМГ басшысы зауытта жүргізілген жоспарлы алдын алу жұмыстарының нәтижелерімен танысып, кәсіпорын басшылығына барлық өндірістік процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, тұрақты технологиялық режимге шығу үшін іске қосу-реттеу жұмыстарын уақтылы әрі сапалы аяқтауды тапсырды.

Кәсіпорынның қазіргі жұмысы мен стратегиялық міндеттеріне арналған жиында АМӨЗ-дің операциялық тиімділігі мен энергия сенімділігін арттыру жөніндегі жұмысты жандандыруға қатысты тапсырма берілді.

А.Хасенов өндірістік және экологиялық жобалардың іске асырылуын жалғастырудың, зауытты кеңейтілген жөндеу аралық кезеңге көшіруге дайындаудың маңызын атап өтті.

А.Хасенов кәсіпорын басшылығына қызметкерлердің еңбек жағдайларын және зауыттағы өндірістік процестерді жақсарту мәселелеріне ерекше назар аударуды тапсырды.

Ол ҚазМұнайГаз бұл мәселені қатаң бақылауда ұстайтынын атап өтті.

– Қызметкерлерге қолайлы әрі қауіпсіз еңбек жағдайларын жасап, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларды үнемі жақсарту керек екенін тағы да ескертемін. ҚазМұнайГаз бұл мәселеге ерекше ден қойып, басымдық береді. Сапа мен қауіпсіздікке қойылатын талаптардың артуы жағдайында зауыттың тұрақты әрі тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін кәсіпорын жұмысының жоғары стандарттары мен сенімділігін сақтау қажет, – деп атап өтті Асхат Хасенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу